Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4681 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 10:26

ЕАЭС тауар айналымы 2015 жылы 26 пайызға төмендеді

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭАС) сауда айналымының көлемі 2015 жылы 26 пайызға төмендеді. Бұл туралы Халықаралық дағдарыс тобының (ICG) «Еуразиялық экономикалық одақ: Билік, саясат және сауда» баяндамасында жарияланды.

Баяндама мәліметі бойынша, Ресей басқаратын одақтағы тауар айналымының төмендеуіне сауда мәселелеріндегі өзара түсінбеушілік, санкциялар режимі және аймақтағы экономикалық дағдарыс әсер еткен. Сарапшылар ЕАЭС жобасы «аймақта Ресей ықпалын ұлғайтып, ұйымның басқа мүшелерінің Батыспен қатынасын шектейді» деп есептейді, делінген баяндамада.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылығы Кеден одағы аясында ЕАЭС құрған уақытта, одаққа бірігудегі мақсат - экономиканы күшейту, ортақ тауар нарығын, капиталын, жұмыс күшін қалыптастыру деп мәлімдеген еді. 2015 жылы одаққа Қырғызстан және Армения кірді.

Трансшекара сауда тәртібін жеңілдету, еңбек мигранттарына жағдай жасау секілді жеңілдіктер қарастыратын ЕАЭС оған мүше елдердің экономикаларын әлемдік нарықтан алшақтата түседі, делінген баяндамада.

Ресейдің бұл ұйымды экономикалық бірлестік қана емес, «көрші елдерге ықпал ету тетігі» ретінде қабылдауы одақтың өз ішінде қайшылық туғызады деп есептейді ICG баяндамасының авторлары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669