Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3095 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 10:24

Ереванда жүздеген адам тағы да полиция ғимараты алдына жиналды

​Ереванда жүздеген адам басып алынған патрульді-бекет ғимаратының алдында жиналды. Бұл жөнінде "Интерфакс" тілшісі хабарлайды.

Акцияға қатысушылар "Сасунский қайсарлары" қарулы тобын қолдап, Армения президентінің отставкасын талап етуде. Сонымен бірге микрафон мен дыбыс күшейткіштерді қамтамасыз ету үшін, еріктілерді жинап жатыр.

Полиция оларға қарсы ешқандай іс-әрекет жасап жатқан жоқ. Куәгерлердің хабарлауынша, басып алынған ғимарат маңында атыстың дауыстары естіледі. Белсенділердің айтуынша, бұл полиция ғимаратын басып алған қарулы топтың акцияға қатысушыларды қолдау білдіргендері.

Ереванда өткен бейсенбі күні полиция ғимараты жанына келіп ереуілдеген 136 адамды ұстағандығы туралы хабар тараған. Армения тергеу комитетінің мәліметі бойынша, 28 адам ұсталған. Оларды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптайды.

Қарулы топ Ереванның Эребуни ауданындағы полиция полкі штабын 17 шілде күні таңертең басып алған. Шабуыл кезінде бір полицей қаза тауып, алтауы жараланған. Қазір топ төрт адамды кепілде ұстап отыр және олар "Құрылтай парламенті" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянді босатуды талап етеді. Сефилян өткен айда заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен қамалған. Олар сонымен қатар Армения президенті Серж Саргсяннің отставкаға кетуін де талап етеді. Билік талапты орындаудан бас тартып, қарулы топпен өз еркімен берілу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394