Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3307 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 10:19

Қырғызстанда жыл сайын 12 мың қалыңдықты алып қашады дейді

Қырғызстанның құқық қорғаушылары жыл сайын елде 12 мыңға жуық қалыңдықты үйлену үшін алып қашады дейді. Екі мыңға жуық қыздар сексуалдық зорлықтың құрбаны болған.

БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, Қырғызстанда жыл сайын әйелдерге қарсы 3 мың қылмыстық іс тіркеледі. Оларды ұрып-соғу арқылы некеге тұруға мәжбүрлейді екен.

Ресми статистикаға сәйкес, жалпы халықтың 2 миллион 987 мыңын әйелдер құрайды. Халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша, елде 150 мың әйелді үйлену үшін алып қашқан.

Бірер күн бұрын Жалал-Абад облысында қызды мәжбүрлеп некелестірмек болған оқиға орын алды. 20 жастағы Айнұрдың қарсылығына қарамастан, оның әке-шешесі ажырасқан ер азаматқа тұрмысқа берген. Айнұр бұл оқиғадан кейін Қазақстанда тұратын құрбысы Айгүл Аблаевадан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Зардап шеккен Айнұрдың өзі ешкімді сотқа бермеген. Бүгінгі күні достарының үйінде тұрып жатыр. Ал қыздың әке-шешесі болса, жеке өмірге араласты деп милиция қызметкерлерін айыптап, олардың үстерінен шағым түсіреміз деп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435