Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2938 0 пікір 21 Шілде, 2016 сағат 10:36

Өзбекстан Рогун ГЭС-інің құрылысына тағы қарсы шықты

Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев тәжікстандық әріптесі Кохир Расулзодаға ресми хат жолдап, Душанбе мен италиялық «Салими Импреджило» (Salini Impregilo S.p.A) компаниясы арасында Рогун ГЭС-інің құрылысын аяқтау туралы келісім-шарттың қабылданғанына алаңдаушылық білдірді.

Өзбекстан СІМ ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Мирзияевтің 19 шілдеде жолданған хатында Тәжікстанның елдегі электр қуатына тапшылық мәселесін Рогун ГЭС-інсіз-ақ шеше алатыны, бұл мәселені қауіпсіз жолмен шешу керектігі жазылған.

Тәжік билігі бұл хатқа әзірге жауап берген жоқ. Тәжікстан СІМ-дегі бір дереккөздің айтуынша, Шавкат Мирзияевтің хаты жеткен күннің өзінде, әуелі оны басшылық тексереді, одан соң ғана ресми жауабы пайда болады. Мирзияев жолдауында «Тәжікстанның Рогун ГЭС-ін кез-келген жолмен аяқтауға талпынуы алаңдаушылық туғызады, ал оның орны толмас салдары ескерту жасауға мәжбүрлейді» деп жазылған.

Өзбек үкімет басшысы бұл құрылыстың бүкіл Орталық Азия аймағына қауіпті екенін көрші елдердің басшылары мен сарапшылары бірнеше мәрте мәлімдегенін еске салған. Соған байланысты, жобаның техногенді, экологиялық және экономикалық салдарын ескерген Дүниежүзілік банк оны қаржыландырудан бас тартты, делінген хатта. Бұған дейін тәжік билігі Рогун ГЭС-інің құрылысы аяқталған соң, өзеннің төменгі саласындағы елдер, атап айтқанда Өзбекстандағы шаруашылық жерлері сусыз қалмайды деп мәлімдеген еді.

Рогун су электр станциясын салуды «өте маңызды мәселе» деп есептейтін Тәжікстан үкіметі 1 шілдеде италиялық компаниямен станция құрылысын аяқтау туралы шарт жасасты. Келесім-шарт құны - 3,9 миллиард доллар. Salini Impregilo компаниясы станцияның алғашқы екі агрегатын 2018 жылы іске қосуға уәде беріп қойды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434