Жұма, 11 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2772 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 08:40

Ресейде Тергеу комитетінің жоғары лауазымды шенеуніктері қамауға алынды

Мәскеудің Лефортов соты Ресейдің тергеу комитеті қауіпсіздік басқармасының басшысы Михаил Максименконы 15 қыркүйекке дейін қамау жөнінде шешім шығарды. Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Сейсенбі күні Максименконың орынбасары Александр Ламонов те аталған іс бойынша тұтқындалды.

Сонымен бірге сот Мәскеудегі тергеу басқармасының басшысы Денис Никандровты да пара алу ісі бойынша қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Никандров пен оның тергеу комитетіндегі әріптестерін 8 миллион рубль көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен ФСБ тұтқындаған. Қылмыстық істің басты фигуранты — қылмыс әлемінде Шакро Молодой деген атпен танымал Захарий Калашов делінеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1764
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4562
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3569