Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Мәйекті 7145 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 09:16

Р.ҚАДЫРОВ: "ШЕШЕНДЕР ҚАЗАҚҚА КӨМЕК БЕРУГЕ ДАЙЫН"

Шешен Республикасының Президенті Рамзан Қадыров ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына Алматыдағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біз Алматыда полиция қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған лаңкестік оқиғаға алаңдаушылық танытамыз. Бұдан бұрын лаңкестер Ақтөбеде қару-жарақты қолға түсіруге әрекеттенген еді. Олардың әрекеті әлденеше адамның өмірін қиған болатын. Мен аса құрметті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қайғыра көңіл айтамын. Біз қиын жағдайда жатқан Шешен Республикасына шетелдік мемлекет басшыларының арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев қол ұшын бергенін ұмытқан жоқпыз. Қазақстан Президенті салып берген тұрғын үй Шешенстан астанасы орталығының шырайын ашып тұр. Риза болған шешен халқы орталық көшелердің біріне және бір мектепке Нұрсұлтан Назарбаев есімін берді. Қазақтар біз үшін туған ағамыз секілді, ал Қазақстан тұтас бір буын шешен азаматтары үшін екінші Отанға айналған. Бұл елде менің қадірменді әкем, ШР Тұңғыш Президенті, Ресей батыры Ахмат-Қажы Қадыров дүниеге келген. Бұл елде маған жақын адамдар жерленген, оның ішінде менің атамның ағасы да бар», - деп жазды Рамзан Қадыров Instagram-дағы парақшасында.

Шешен Республикасының Президенті түрлі терактілерді бастан кешкен шешен халқы мұның қандай үлкен қайғы екенін терең сезінетінін жеткізді. Сөз соңында Рамзан Қадыров бауырлас қазақ халқына лаңкестікпен күресте кез келген көмекті жасауға әзір екенін айтты. Сондай-ақ, бауырлас Қазақстан еліне бейбітшілік, тұрақтылық және мемлекеттің гүлдене беруін тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730