Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 3970 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 09:03

ҰЛТЫҢНЫҢ НАЙЗАСЫ БОЛ, КЕРЕГІНЕ ЖАРА!

Наймандық, үйсіндік, адайлық... ол – көше, егер сен сол көшемен қазақтыққа келсең – сен қазақсың, егерде тілді, ділді, өмір салтын, тарихын білмесең «басқа көшеге» түсіп алып мәңгілік адасуың мүмкін. Бәрінен де маңыздысы - ұлттық сана және сол ұлттың мобилизациясында болу. Мобилизация дегеніміз – ұлттың найзасы болу және керек уақытында керегіне жарау.

 

Менің бір әріптесім,  тарих ғылымдарының докторы, тегі – дүбәра, өзі қазақша білмейді, былай деп жазатын: «Если казахи наплывут в города, то Алматы станет аулом и город саморазрушится» («Егер қазақтар қалаға қаптаса, Алматы ауылға айналып, күйреп тынар еді»). Екіншісі – оның да тегі дүбәра, өзі ептеп қазақша біледі. Сонда үшеуміз де – қазақпыз, ал олар қазаққа қарсы,  ұлтжанды тұлғаларға қарсы , тіліне қарсы күресіп келеді.

Сөзімізге нақты мысал ретінде орыстілді сайтта жарияланған мына бір мақалаға қарайық. «Казахское общество - "постколониальный синдром" за ширмой оголтелого национализма» деп аталады мақала» https://regnum.ru/news/1503361.html.  

Оголтелый националистердің ішінде жалғыз  мен емеспін – Айдос Сарым, Мақаш Тәтім, Арон Атабек, т.б. басқалары бармыз. Бізге  қарсы, яғни қазаққа «үлгі болар тұлғалар»: Нурболат Масанов (известный политолог, выступавший с критикой казахского общества), исследователь этнографии и антропологии Нуртай Мустафаев, так у него вообще жесткая точка зрения на этот счет, политолог Талгат Исмагамбетов считает, что страна становится все более восточной (азиатской) и нас ждет в ближайшем будущем всеохватная исламизация со всеми вытекающими отсюда последствиями. К слову, ничего позитивного он в этом не видит.

Соңғы кезде қазақ қоғамына жаңа толқын сыншылар келді. Олардың ойынша, жас толқын сыншылардың ең ұлтшылы – Айдос Сарым. Айдос туралы аталған сайт былай дейді: «Айдос Сарым, якобы уверено и со знанием дела заявивший о том, что "в случае начала войны в Карабахе, найдутся сотни, тысячи людей в Казахстане, которые будут готовы добровольцами воевать на стороне Азербайджана". А попутно Сарым подверг сомнению необходимость участия Казахстана в такой организации как ОДКБ, назвав ее "мертворожденной" и не отвечающей интересам казахского народа» (Қазақша қысқа қайырсақ, «Айдос Сарым Таулы Қарабақ оқиғасы қайталанса, Әзірбайжан жағында соғысуға Қазақстаннан мыңдаған адам табылады. Ал, «өлі туған» ОДКБ сияқты ұйымдар қазақ халқының мүддесін қорғамайды» дейді).

Ұлтшылдығына байланысты екінші орында – Әзімбай Ғали тұр. Мен не бүлдіріппін. Менің пікірім былай болды: егерде біздің балалар бізді тыңдамай Сирияға кетіп жатса, онда олар американдықтар мен демокраиялық оппозиция жағына шыққаны дұрыс. Әйтеуір ДАИШ пен АННУСР-ада болмаса болды. Ол жындылар біздің  идеалистерді қырып салады.

Содан кейін мен былай дедім: Сирия қалаларындағы герилья тәжірибесі бізге керек. Ол қандай шайқас тәжірибесі? Мәселенки, тар көшемен танктер мен БТР-лар келе жатыр. Егерде бірінші және соңғы танкті өртесе, қалғандары қамауда қалады. Олар қозғалмайтын нысанаға айналады. Қала герильясы әдістерін шешендер Грозныйда Орыс-Шешен соғысында пайдаланған еді. Ал біздің солтүстегі қалаларды жау әскері қоршап алса, герилья тәжірибесін игерген жігіттер  қаланы қолдан беріп қойып қарап отырмайды. Бұл ретте біз Шешенстан мен Сирия тәжірибесін пайдалансақ деп отырмыз.

Менің келесі ұсынысым: бұл – соғыстан қайтқан қазақтарды әскерге интсруктор ретінде алу жайында болды. Ресей, мысалы, өздеріне қарсы соғысқан шешендер мен орыстарға кешірім жасап, оларды басқа соғыстарда пайдаланбақ. Сонда,  Ресей Украинадан басқа тағы кіммен соғыспақ?

Келесі менің ұсынысым, қаладағы соғыстың тактикасына қатысты. Оны айтпай -ақ қойдым.Талғат Ибраев деген азамат Қазақстан әскери күштері ықтимал қала герильясына дайындықсыз болғанын қалайды деп ойлаймын.

Ал үшінші тұлға – Айдос Садықов. Ол жігіттің «кінәсі» ол – Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясына қарсы екен. Ресей – изгой мемлекет. Барлық Батыс мемлекеттері және олардың одақтастары Ресей агрессиясына қарсы және Ресейге қаржылық тұрғыдан  санкция салды. Амнистированный уголовник -, дейді Талғат Ибраев, - Айдос Садыков, который вскоре после освобождения из мест заключения перебрался на Украину.

Менің түйгенім, біз енді ажырата білуіміз керек: кім ұлтжанды, кім ресей жанды. Бұрын қазақ қоғамының, қазақ ұлтының талап-тілегіне, мұраты мен мақсатына қарсы жігіттер көп болатын, кәзір аз, бірақ олар әлі зауалды.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543