Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
46 - сөз 7332 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 11:55

ТІРІ БОЛСА...

...Тірі болса досым- Досымның Табылы бүгін елу бір жасқа келеді екен! Тірі болса! Қандай сұрқия сөз еді! Амалсыз айтасың да.

Тірі болса бүгін не істер еді? Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған Алашқа сауын айтып, дүркіретіп той жасар ма еді? Əй, қайдам? Аядай ауылда күнделікті күйбең тірліктен қажып, əкім-қаралармен жағаласып əлі жүрер ме едің... Біз Сені бағалай алмадық, қазақтың Табылы! Абайсызда айырылып қалдық. Қазақпыз ғой. Оны өзің де жазып кеттің.

"Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші!
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мұқағали секілді мың жылда бір туатын
Ақынымды абайсыз өлтіріп ем десеңші!

...Тірі болса... Жоқ, енді бұлай жазбаймын. Ол тірі! Оған бүгінгі ұрпақтың аузынан түспей жүрген əндері мен жырлары куə!

Арман Сқабыл

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1125
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2660
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743