BBG төрағасы Джеффри Шеллды Ресейге кіргізбей қойды
Америкалық Хабар тарату мәселелері жөніндегі басқарма кеңесінің (BBG) төрағасы Джеффри Шеллдің Ресейге кіруіне рұқсат бермеді, оның себебін ешкім түсіндірмеді. BBG-дің хабарлауынша, Шелл сейсенбі күні кешкісін Прагадан Мәскеуге ұшып келген. Шереметьево әуежайындағы төлқұжат тексеру бекетінде оны қауіпсіздік қызметінің өкілдері тоқтатқан.
Шеллді бірнеше сағат бойы жабық бөлмеде ұстаған, одан соң таңғы сағат 5-те KLM әуекомпанисының Амстердамға ұшатын рейсіне отырғызған. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оның «Ресейге кіруіне рұқсат берілмегенін», және бұл «тыйым өмір бойы» екенін BBG басшысына ескертіп айтқан.
Сейсенбі күні таңертең BBG төрағасы АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Теффтпен оқиғаны талқылау үшін кездесіп, елшілік пен Мемлекеттік департамент назарын осы мәселеге аударуға шақырды.
Джеффри Шеллды Ресейге кіргізбей тастардан алдын Вашингтон мен Мәскеу арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бірден суып кеткен еді. Дипломатиялық салқындық екі елдің бірнеше дипломатты еліне қайтарып жіберуден сезілді.
BBG – АҚШ-тың шетелге таратылатын барлық хабарларының қамқоршы кеңесі, олардың ішінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы да бар.
Абай-ақпарат