"ҚОҒАМДЫҚ ӘЖЕТХАНАЛАРҒА ЖИРОНОВСКИЙ АТЫ БЕРІЛСІН"...
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесі мен өзі оқыған №25 орта мектепті Жириновский атына ауыстыруды ұсынған еді. Сайқымазақ саясаткердің бұл ұсынысына қазақстандық белсенділер басқаша жауап беріп жатыр. Олар әлеуметтік желілерді Владимир Жириновскийдің атындағы әжетханаға толтырып жіберген.
Естеріңізге саламыз, ресейлік саясаткер қазақстандық журналистерге берген сұхбатында:
«Ресейліктер Қазақстанға құрметпен қарайды. Оның арасында мен де бармын. Қазақстан – менің шағын Отаным. Алматыдағы Масанчи көшесіне менің атымды берсе қарсы емеспін. №25 мектепке де менің атымды беріп, мен тұрған үйді музейге айналдырса, тіпті керемет болар еді... Есесіне, болашақта сіздерге туристер келетін болады. Бұл сіздерге тиімді», - деген-ді.
Ал, әлеуметтік желілерде қазақстандықтар көше емес, қоғамдық дәретханалардың біріне орыс саясаткерінің есімін беруді ұсынуда. Сондай-ақ, "Жириновский атындағы жындыхана" деген атау да психдиспансерлердің бірінің көркін ашады дейді Фэйсбук пайдаланушылары.
Бұған дейін Владимир Жириновский Қазақстан деген елдің бар екенін мойындамайтынын, Қырымнан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарын да Ресейге тартып алу керектігін айтқан болатын.
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz