Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4481 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 10:31

Англияның жаңа премьер-министрі жұмысына кірісті

Елизавета II ханшайым Дэвид Камеронның отставкасын қабылдағаннан кейін, Консервативті партияның лидері Тереза Мэй ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

Мэй Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін, әділетсіздікпен күресіп, ең үздік таңдаулы ел құруға уәде берді. Ол сонымен бірге ЕО-дан шығуға дауыс беріп, бөліну алдында тұрған Англия мен Уэльстің және мүшелікті сақтап қалуға тілек білдіріп отырған Шотландия мен Солстүтік Ирландия елдерінің бірлігін сақтап қалуға тырысамын деп мәлімдеді.

Мэй сонымен бірге 23 маусымнан бері Ұлыбританияда референдум өткеннен кейін тұрақсыздық күй кешіп келе жатқан қаржы нарығын қалыпқа келтіруге күш салатынын айтты. Оның министрлер кабинетінде ЕО-дан шығу жөнінде келіссөздер жүргізетін жаңа министрлік қызмет пайда болады.

Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер Мэйді Брюссельмен мүмкіндігінше тезірек кеңесуді бастауға шақырды. Мұның алдында жаңа премьер-министр Еуроодақты құру жөніндегі Лиссабон келісімінің 50-бабын 2017 жылға дейін шегерулері мүмкін екенін жариялаған. Ұлыбританияның ресми түрде одақтан шығу процестері екі жылдан аспауы тиіс.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778