Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3301 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 10:28

Ресейдегі тәжік және өзбек жұмысшылары тағы да төбелесіп қалды

Санк-Петербург қаласының маңындағы Кудрово қыстағында тәжік және өзбек еңбекші мигранттары қақтығысып қалды. Жаппай төбелеске қатысқан бірнеше адам қамауға алынды, бір адам ауруханаға түсті.

Полицияның хабарлауынша, оқиға жарым түнде болған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, ал қолға түскен мигранттар Ресей аумағынан шығарылады.

Полиция қақтығысқа нақты қанша адам қатысқаны туралы мәлімет таратпады, бірақ оқиға куәгерлері төбелеске ондаған адам қатысты деп отыр. Бірқатар жергілікті басылымдардың хабарлауынша, туған күн мерекесін тойлаған масаң жұмысшылар жатақхана комендантының ескертуіне наразылық көрсетіп, соның арты жаппай төбелеске ұласқан.

Осыдан екі апта бұрын ғана дәл осы Кудрово қыстағында еңбекші мигранттар төбелесіп қалған еді. 27 шілде күні кешкісін Орталық Азия жұмысшылары мен дағыстандықтар қақтығысты. Куәгерлердің айтуынша, жүзге жуық адам қатысқан төбелесте арматура, таяқ, тас қолданылып, травматикалық қару даусы естілген. Жаппай төбелеске қатысқан жиырма шақты адам қамауға алынған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1112
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736