Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4506 0 пікір 13 Шілде, 2016 сағат 12:51

МӘ, МӘСІМОВ БАЯН-ӨЛГЕЙГЕ КӨМЕК БЕРЕ МЕ?

ҚР-ның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 14 шілде күні Моңғолияға іссапармен барады, - деп хабарлайды kaznews сайты.

Үкімет үйінен аттап баспайтын "мәңгілік" премьеріміз соңғы кездері белсене бастады. Аймақтарға шығып, өтірікті-шынды халықпен кездесіп, тыным таппайтын іскер шенеуніктің образына кіре бастады. 

Осы орайда кеше ғана Баян-Өлгей аймағында 700-дей қазақ баспанасыз қалып, 100-ден аса үйдің қирағанын жаза келіп:

"Баян-Өлгий аймағындағы қазақтарға көмек беруде Қазақстан Үкіметі де қарап қалмауы тиіс! Жер бетіндегі қазақтардың жалғыз Отаны – Қазақстан! Ал, шетелдегі әр қазақ баласы қиын-қыстау кезде Қазақстан билігінің қамқорлығын сезінуі тиіс! Сондықтан, біздің Үкімет Моңғолиядағы қандастарымызға арнайы көмек ұйымдастыруы шарт! Бұл – елдіктің, әсіресе, Үкімет өзі көп айтатын бірліктің көрініс табатын тұсы! Ал, Үкіметтік және қоғамдық көмекті ұйымдастыруда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйытқы болса, құба-құп. Себебі, бұл ұйымның төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаев екенін ескерсек, Елбасының атынан қандастарға жылу жинап, соны ұйымдастырып, жеткізіп беру, қауымдастықтың міндеті" деп жазған едік.

Соны Мәсімов құлаққа ілді ме екен, әйтеуір іссапар аясында ертең Баян-Өлгей аймағына аялдап, орталық алаңда қалың көпшілікпен кездесу ұйымдастырады-мыс. Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Қош! Кәрім Мәсімов үкіметі шеттегі қандастарға қол ұшын созып жатса, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бірақ, Қызылағашты жарылқамаған Мәсімов Баян-Өлгейлік ағайындарды ұшпаққа шығарады дегенге сене алмаймыз? 

Бізді уайымдататыны тым басқа дүние... Қалың моңғолдың ортасында отырып, өз ана тілін ұмытпаған ағайынмен Премьер-министр қай тілде сөйлеседі? Санасы тәуелсіз қазақ ағайын орыстілді Мәсімовті қалай қабылдайды? Белгісіз. Бәрін ертең көре жатармыз. 

А, айтпақшы ҚР-ның Премьер-министрі  Улаанбаатар қаласында болатын Азия -  Еуропа форумының XI – саммитіне қатысуға бара жатқанын ескерте кетейік.

Бір оқпен екі қоян атудың шебері болып бара ма, Мәсімов мырза!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529