ЖАЛЫҒЫП КЕТТІМ...
"День сурка" деген фильм бар ғой. "Суырдың күні". Жыл сайын, жыл сайын емес-ау, күн сайын қайталана береді.
25 жылда биліктің саясатынан жалығып кетеді екенсің. Қандай да бір істі бастаса, соңы немен аяқталатынын білесің. Әлде өзім сценарист болған соң, солай көріне ме? Кез келген фильмнің, сериалдың желісін білесің. Басты рөлдегі актердің не айтатынын, соңы немен аяқталатынын сезесің. Қызық емес.
Тілге, жерге деген сәл-пәл сезім бар. Соның иесі қазақ ұлтына деген махаббат бар сияқты. Ал үкіметке, мемлекетке деген махаббат жоқ екен менде. Махаббат болса, жалықпайсың ғой. Ал әйеліме, отбасыма махаббат бар. Күнде бір қызық. Жаңа дүние, жаңа қылық. Өркендеу бар. Болашақ үшін күресесің. Солай.
Айдос Жұқанұлы
Facebook-тегі парақшасынан