Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4590 0 пікір 12 Шілде, 2016 сағат 12:42

“EXPO 2017”-НІ СІЗ ҚАРЖЫЛАНДЫРАСЫЗ БА, МАМАШЕВ МЫРЗА?

 

Ыстамбұлда Түркия қазақтары үшінші құрылтайы аясында 9 маусым күні өткен дөнгелек үстел өтіпті. Жиналыс барысында қазақ диаспорасының маңызды мәселелері талқыланып, келесі жылы Астанада өтетін дүниежүзі қазақ құрылтайы да сөз болған.
 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев құрылтайдың формасынын бұрынғылардан басқаша форматта болатынын айтып, ағайындардың ұсыныстары болып жатса хат жолдасын депті.
Талғат Мамашев бесінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайы биыл, яғни 2016 жылы өтпейтінін, “EXPO 2017”-ге байланысты бір жыл кейінге қалдырылғанын айтқан.
Мамашев сонымен қатар құрылтайға шетелдерден 500-дей қазақ шақырылатынын және жастарға басымдық берілетінін де мәлімдеген.
Бізді бір сұрақ қана мазалайды. “EXPO 2017”-мен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының арасында қандай байланыс бар? Жоқ әлде, “EXPO 2017”-ні Талғат Мамашев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қаржыландыратын ба еді? Жер-жаһанға тарыдай шашылған қандастарымыздың басын қосатын алқалы жиынды “EXPO 2017” үшін бір жылға шегеру дегеніміз мемлекетіміздің саясатының солқылдақтығын көрсетпей ме? 
Біз ең алдымен өз қандасымызды жарылқауға тиіспіз. Содан кейін ғана жаһандық көрменің жайын ойламағымыз қажет. 
Құрылтайды 2016 жылы өткізіп, "келер жылы “EXPO 2017”-ге де келіңіздер" деп құшақты айқара ашудың орнына жоқты сылтау етіп, құлықсыздық танытуымыз шеттегі қазаққа қалай әсер етеді? Мұны Талғат Мамашев мырза ойлады ма екен?
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502