Қырғызстан Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауы мүмкін
Бірер күн бұрын үкімет басшысының орынбасары Олег Панкратов 2016-2017 жылдардағы жылу маусымына дайындық жөнінде жиналыс өткізді. Көктемнен бері күн райының жаңбырлы болуынан Тоқтағұл суқоймасында жеткілікті су жиналған екен, бұл жақсы мүмкіндік ретінде атап өтілді.
Олег Панкратов Ұлттықэнергохолдинг, "Қырғызстанның ұлттық электр желісі" ААҚ, "Электр станциялары" ААҚ секілді компания басшыларына жазда Тәжікстаннан Қырғызстанға электр энергиясын тасымалдау мәселесін қолға алуды тапсырған.
Оның сөзінше, бұл Тоқтағұл суқоймасындағы суды қыс мезгіліне үнемдеу үшін қажет. Мұның орнына Қырғызстан үкіметі жылдың өзге маусымдарында Тәжікстанға электр энергиясын экспорттауға дайын.
Абай-ақпарат