МҮФТИДІҢ ПӘТУАСЫНА ТОҚТАУ - УӘЖІП
Қазір дін туралы жазбайтын адам жоқ секілді. Білген де, білмеген де бірдеңе деп айту керек деп ұғатындай.
Сәлафизмге тиым салдырамыз деген ұранның астарында әркім өз тобын дәстүрлі ислам деген бүркеншік атпен насихаттап жатқаны аңғарылады. Меніңше, тек сәлафтарға ғана емес, жалпы Діни басқарманың ұстанымымен келіспейтін топтардың бәріне тиым салу керек және осы әлеуметтік желілерде діни талас тудыратын адамдардың бәріне шара қолданып, тиым салынбаса қазақты бөлшектеу тоқтамайтын секілді.
Діни басқармада отырған жігіттер қазақты тозаққа жетелемейтін шығар, Мүфтидің пәтуасына тоқтау – уәжіп. Өз басыма сол да жетіп жатыр, егер сіздің діншілдігіңіз асып бара жатса оңашада құлшылығыңызды қыла беріңіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көз жұмғаннан бастап жалғасып келе жатқан бұл талас ешқашан толастаған емес, толастамайды да. Ендеше өнбес дауды қуа бергеннен не шығады?!
Нұртай Ерназар
Facebook-тегі парақшасынан