АҒА БУЫН, СІЗДЕР ОҢБАҒАНСЫЗДАР!
Жастар оңбаған деген сөзден жауыр болдым. Ал айтыңызшы жастар не істеп еді? Оңсын оңбасын неңізді сатқан еді. Креслоға "скотчтай" жабысып алып, отанымызды сатып отырған сіздер емес пе, аға буын өкілдері!
Жастардың қолына әлі ірі жұмыстар тапсырылған жоқ. Бірақ біздің қолымызға күрек-күрек шоқты ұстатып отырғаннан бейхабарсыздар. Біз үшін сіздер не істедіңіздер?. Жалпақшешейлікпен орысқа бір, қытайға бір қарап, ақшаның буына мастанып, тілімізді, дінімізді, тарихымызды, өзімізді, қазба байлығымызды, ақыры жерімізді сатып, тып-типыл сапсиған сақалдарыңызды сипап көріңізге оңайлықпен кеткілеріңіз келеді. Жоқ қателеспеңіз, көріңізге оңайлықпен жібермеспіз.
Менен мына сөз естіген жоқсыздар. Сіздер, оңбағансыздар. Иә, аға өкілдері, мына сіздер оңбағансыздар. Мес қарындарыңызды сыра мен араққа созып, данагөйсінбеңіздер. Сіздерден бізге бір грамм да ақыл керек емес. Өйткені бізді, ұрпақтарыңызды құны жоқ "көтен сүртер" көк қағазға оп-оңай сатып жібердіңіздер. Бастарыңызды кесіп, сол көк қағазға батырып, көміп тастаймыз! Оңбаған аға буын өкілдері.
Анар Әлібаева
Facebook-тегі парақщасынан