Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 3838 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 12:24

ЖЕКЕБАЙДЫҢ ТОҒЫЗ ҚАНАТ АҚ ҮЙІ ҚОНАҚТАРЫН КҮТУДЕ

Ауыл мектебінің бұрынғы мұғалімі киіз үй жасаумен шұғылданып, сүйікті ісін отбасылық бизнеске айналдырды.

Киіз үй – әлемге көшпелілер сыйлаған тым бағзы әрі маңызды өнертабыс. Қай кезде де киіз үй қолайлы, ыңғайлы баспана болған.

Үштерек ауылыынң тұрғыны Жекебай Мақсатханды шынымен де халық шығармашылығының шебері деп атауға әбден болады. Бұрында химия және биология пәндерінің мұғалімі болған ол ұлттық мәдениеттің қайнарына бет бұрып, киіз үйді қазақ өмірінің ұлттық рәмізі ретінде жаңғыртуды мақсат етті.

Ауыл шебері ұлттық стильде жасалған саналуан тұрмыстық заттардың авторы болып табылады, олар бүгінде жақсы сұранысқа ие болуда және қазіргі заманғы үйлердің интерьеріне де асқан үйлесіммен қона кетеді.

Тапсырыстар саны молайған соң, шебер осы сүйікті ісін отбасылық бизнеске айналдырмақ болып шешті. Ақсу қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегімен ауыл тұрғыны «Алтын-Нұр» жеке кәсіпорнын ашты, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті.

Бос уақытында Жекебай Мақсатхан өлең жазады. Ол отбасымен  бірге неше түрлі байқауларға қатысады, балаларының шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады.

Халық шеберінің алға қойған жоспарлары орасан, ол ЭКСПО-2017 қонақтарын өзінің тоғыз қанатты ақ үйінде қарсы алуды көздеп отыр. Бұл баспана киіз бен солқылдақ шыбықтан жасалған  қайталанбас айрықша дизайнымен әрбір қазақстандық үшін атамекеніміздің нышаны, көшпелі халықтың ежелгі мәдениетінің көзіндей болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435