Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2845 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 09:16

Тәжікстан Еуразиялық одаққа кіруге асықпайды

Ресейдің мемлекеттік думасының отандастармен экономикалық достастық және байланыс комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий ТМД елдерінің ішінде Тәжікстан ЕАЭО-ға кіру үшін үлкен әрекеттер жасап жатыр деп мәлімдеді. Слуцкий Тәжікстан экономикасының қазіргі жағдайы одақпен интеграциялауға толық дайын емес екенін айтып, бірақ ұйымға мүше болып енгеннен кейін экономикасының өсуіне жаңа импульс алады әрі еңбек миграциясына байланысты жеңілдіктер қарастырылады деді.

Тәжікстанның стратегиялық зерттеулер орталығының директор орынбасары Сайфулло Сафаров Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) қазіргі жағдайда Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге асықпайды дейді. Оның айтуынша, егер Ресей Тәжікстан одаққа қосылған алғашқы жылдары кеткен шығынның орнын толтыратын болса, онда ешқандай проблема болмайды. Атап айтқанда, елдің бюджетіне кеден салығынан жиналатын ақшаның орнын толтыру керек. Ұйымға кірген жағдайда, кеден қызметінен ақша түспейді.

​Биылғы жылы кеден салығы бойынша бюджетке түсетін ақшаның көлемі 684 миллион 670 мың сомониды құраған. Сарапшылар пікірінше, Тәжікстан одаққа мүше болған жағдайда, аталған қаржының негізгі бөлігі бюджетке түспейді. Екінші жағынан Тәжікстанда ресейлік ірі компаниялар шағын тәжік компанияларының орнын басады, бәсекелестік жойылады. Бұл қазір Қазақстан мен Қырғызстанда байқалып отыр деп атап өтеді сарапшылар.

Үш жыл бұрын Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрлігінде елдің одаққа кірудің пайдалы және зиян тұстарын зерттейтін жұмыс комиссиясы құрылған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402