Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Деп жатыр 5655 0 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 15:01

ДЕПУТАТ АНТ БЕРУ РӘСІМІНЕ АТПЕН КЕЛДІ

Моңғолияда 29-шы маусым күні Ұлы Құрылға (Их Хурал) депутаттар сайлауы өткен болатын. Елдегі басты екі партияның таласы барысында Монгол халықтық партиясы жеңіске жетіп, 76 орынның 63-ін иеленді,-деп жазады «baq.kz» порталы.

Бұған дейін Моңғолияның халық әртісі атағын алған танымал әнші, Жавхалан Саманд партиядан тыс, жеке атын ұсыну барысында депутаттыққа мүше болған еді. Депутаттардың ант беру рәсімі кезінде әнші Парламент ғимаратына атпен келді. Ұлттық болмысы басым, халықтың ерекше құрметіне ие болған танымал өнер иесінің Моңғол халқының дәстүрін ерекше сақтайтын азамат екенін тыңдармандары бұрын да ерекше бағалайтын еді. Тағы бір қызығы, депуттаттық үгіт-насихат барысында Жавхлан ауыл-аймақты өгіз арбамен аралап, елді таңқалдырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2733
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1850