Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3020 1 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 12:13

Эрдоған: терактіге постсоветтік елдері азаматтарының қатысы бар

"Өкінішке қарай, терактіге Солтүстік Кавказдағы көршілеріміздің қатысы бар", – деді Эрдоған.

Ораза-айт мерекесіне байланысты Стамбул мешіттерінің бірінде құран оқылғаннан кейін журналистердің алдында сөйлеген Түркия президенті Ататүрік әуежайында болған жарылысқа қатысы бар 30 адамның ұсталғанын айтты. Ол күдіктілердің ішінде Дағыстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары барын хабарлады деп жазады Hurriyet басылымы. Режеп Эрдоған сонымен бірге әуежайдағы жарылысты "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы ұйымдастырғанын растады.

30 маусымда Reuters агенттігі түрік билігіне сілтемей жасай отырып, Ататүрік әуежайында жарылыс ұйымдастырған жанкештілердің ішінде Ресей азаматы болған деп хабарлады. 1 шілдеде DHA түрік агенттігі өзін жарып жіберген үш жанкештінің екеуінде ресейлік төлқұжат болған деген ақпарат таратты. Біреуінің төлқұжатында Раким Булгаров деп көрсетілген, екінші төлқұжат Вадим Османовтың атына берілген.

28 маусымда кешкісін Стамбул әуежайында үш бірдей жарылыс орын алды.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395