Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:29

«Уральская неделя» сот шешіміне наразылық ретінде бос бетпен жарық көрді

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ -  «Уральская неделя» газетінің кезекті саны сот шешіміне наразылық белгісі ретінде бос бетпен жарық көрді, деп хабарлайды сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қоры.

«Бірінші беттің бос болуы - баспаханада жіберілген олқылық емес. Бұл осы елде жемқорлыққа және баспасөзге қысым көрсетуге қарсылық білдірудің жалғыз амалы. Біз осылай жасау арқылы сот шешімімен ұстанымды түрде келіспейтінімізді көрсеткіміз келеді. Бос бетке қараңыздар да, еркін баспасөз болмаса, өмір қандай болатыны туралы ойланыңыздар» - делінген редакцияның оқырмандарға жазған үндеуінде.

«Әзіл сөз» қорының ақпаратына сәйкес, өткен бейсенбіде Батыс Қазақстан облыстық сотының қадағалаушы алқасы «Уральская неделя» газетінің және журналист Лұқпан Ахмедьяровтың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартып, төменде тұрған екі инстанцияның шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Оған сәйкес, «Уральская неделя» газеті мен Л.Ахмедьяров  «Тенгизнефтестрой» компаниясына Т20 млн көлемінде моральдық залалды өтеуге міндетті. «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова бұл шешімді орындау мүмкін емес екені алдын ала белгілі, өйткені ол тәуелсіз басылымның банкротқа ұшырап, жабылуына алып келеді.

Еске сала кетейік, сот шағымына «Уральская неделя» газетінің 2009 жылдың 6 тамызындағы санында жарық көрген Л. Ахмедьяровтың «За ширмой тендера» атты мақаласы себеп болған. Онда «Тенгизнефтестрой» компаниясы тендердің нәтижесін шығарғанға дейін-ақ, болашақ «Жымпиты-Қаратөбе» газ құбырының орнында құрылыс жұмыстарын бастап кеткені баяндалған.

Сотта арызданушының өкілі бұл фактіні жоққа шығарған жоқ, бірақ оны былайша түсіндірді: компания «тендерде көрсетілген жұмыс көлемін орындауға дайындығын» осылай көрсеткен». Арызданушы іскерлік беделіне келтірілген залалды заңды тұлға -  «Тенгизнефтестрой» акционерлік қоғамының адамгершілік азап көріп отырғанымен негіздеді.

«Уральская неделя» - Батыс Қазақстанның апталық газеті. 2001 жылдан бері «Журналистская инициатива» ЖШС шығарады, облыстағы таралымы ең көп газет, 18,5 мың данамен жарық көреді. Акционерлері редакция қызметкерлері ғана болып табылатын Қазақстандағы жалғыз БАҚ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339