МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МІНДЕТТЕУ, ТІЛ ЗАҢЫН ӨРЕСКЕЛ БҰЗУ
Редакциядан: тұрақты авторларымыздың бірі Нұрлыбай Қошаманұлы қоғамдағы өткір мәселеге айналып отырған білім саласындағы үштұғырлы тіл реформасына қатысты соның ішінде, орта мектептерді ағылшын тілін міндеттеу туралы мәселеге орай, өзінің азаматтық құқықтарын пайдалан отырып, ҚР Конституциялық Кеңесіне арыз жазып, оны редакцияға жолдаған екен. Біз, арызды толық жариялап отырмыз!
abai.kz
Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесіне
Арыз
1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (ҚР Конституциясы 7-бап).
Мемлекетімізде тек қана қазақ және орыс тілдері мемлекеттік, екіншісі ресми тіл ретінде жүреді. Өз кезегінде оларға заңға сәйкес республикалық бюджеттен тиесілі қаржыландыру қарасытырылған. Себебі, «ҚР-сының Тіл туралы Заңы» бойынша (4-бап) республикамыздың орта мектептері тек қана екі тілде қазақ және орыс тілдерінде оқытуға бағытталған. Аталмыш заңның 5; 8 бабында «мемлекеттік ұйымдарда (орта мектептер мемлекеттік мекемелер санатына жатады) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатыны анық көрсетілген. Осы орайда, Білім және Ғылым Министрлігінің «Үш тұғырлы тіл» реформасы аясында ағылшын тілін «орта мектептерге» міндеттеп оқытуды енгізуі қате бағдарлама екенін және «Ата Заңдағы» (7-бап), «Тіл туралы Заңымыздағы» (4;5;7-бап) қарапайым заң талаптарының бұрмаланып жатқанын қаперге саламын.
Осы жерде екінші бір жақ тарапынан: «ақылы оқытуға қазіргі нарық заманында қарапайым ата-аналардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, неліктен тегін оқытуға жағдай жасап отырған орта мектеп реформасына қарасы боламыз» - деуші сұрақ та туындауы мүмкін. Жауап біреу - «үш тұғырлы тілдің» - бұрыстығын айтқанда мемлекеттік орта мектеп бағдарламасына кіргізетіндей Ата Заңымызда «ағылшын тілі» туралы баптардың жоғына ғана сүйеніп отырмын. Себебі, ағылшын тілін міндеттеп оқытуды бала-бақшадан бастап орта мектеп бағдарламасына кіргізу Ата Заңымызда жазылмаған. ҚР-сының «Тіл туралы Заңында» да ағылшын тілін мемлекеттік тілдің бірі ретінде оқу бағдарламасына кіргізу міндеттелмеген. Біз ағылшын тілі (өзге де шет тілдері) мүлдем оқытылмауы тиіс демейміз. Егер оқытылуы қажет болса, онда «ағылшын тілі әркімнің қызмет бабы қажеттілігіне қарай, еріктілік түрде, тек қана ақылы арнаулы шет тілдері мектептерінде ғана үйретілуі тиіс. Себебі, барлық өркениетті европа, бұрынғы посткеңестік республикаларында мемлекеттерінде, алты құрылықтың барлығында шет тілін үйрету бағдарламасы мемлекеттік орта мектептен тыс, тек қана арнайы ашылған дербес, «ақылы жеке мектептерде» жүреді.
Құрметті ҚР-сының Конституциялық Кеңес алқасы мүшелері! Заңның орындалуын және құқықтық жағынан қатаң қорғалуын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттік мекемелерде бәрінен жоғары тұруы тиіс. Мемлекеттік мекемелердің бірі болып саналатын Қазақстанның орта мектептерінде ағылшын тілін міндеттеп оқытуды енгізу – құзырлы органдар тарапынан «Тіл туралы Заңды» өрескел бұзу. Ағылшын тілін орта мектептерде «міндеттеп оқыту» заңнан тыс және оған бюджеттен бөлінген қаржы да «заңнан тыс» болып табылады деп есептеймін. Сол себепті де Ғылым және Білім Министрлігінің ұсынып отырған «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының ҚР-сының «Тіл туралы Заңына» және «ҚР-сы Конституциясы» талаптарына қаншалықты сәйкестігін (біздіңше бұрыстығын) сараптамадан өткізу қажет демекпін.
Төмендегі сұрақтарымызға жауап күтемін:
1) ҚР-сының Тіл туралы Заңындағы «Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылыққа» шақыратын 5-тараудың 24-бабына сүйене отырып, «Конституциялық кеңес» алқасы еліміздің орта мектептері бағдарламасына кірген «үш тұғырлы тіл» реформасының (ағылшын тілінің) Ата Заңымыздағы 7-бап және ҚР-сы «Тіл туралы Заңында» көрсетілген 4-ші; 5-ші; 7-ші бап; 2-тарау 8-ші; 9-шы; 4-тарау 21-ші баптарына; (11.07.1997 №151-1 ҚР-ың Заңы) қаншалықты сәйкестігін сараптамадан өткізіп, бұған өз бағасын беруді сұраймын.
Нұрлыбай Қошаманұлы
Ақтөбе қаласы, Герцен көшесі 17-10.
Abai.kz