Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4447 0 пікір 27 Маусым, 2016 сағат 10:21

Әзербайжан мен Армения оқ атпау келісімін бұзды деп бір-бірін айыптады

Әзербайжан жағының мәліметі бойынша, Газах ауданындағы Баладжафарли ауылындағы позицияларды Арменияның Иджеван ауданындағы Айговит елді мекені тұсынан атқылаған.

Сондай-ақ Әзербайжан қарулы күштері позицияларына Тертер ауданындағы Чилябурт, Физуллин ауданы Горадиз, Ашагы Сейидахмедли және Ашагы Вейселли ауылдарындағы позициялардан оқ атылған деп хабарлады Тренд агенттігі әзербайжандық әскерилерге сілтеме жасап. Бұл айыптауларға қатысты Армения қарулы күштері өкілдерінен әзірше комментарий түскен жоқ.

Өз кезегінде өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ әскерилері қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойында жағдай бірқалыпты деп мәлімдеген. "Қарсылас тарап негізінен артиллериялық қарудан атқылап, оқ атпау келісімін бұзды", – деген Таулы Қарабақ әскерилерінің сөзін келтірген "Спутник-Армения" сайты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303