Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Жаңалықтар 5503 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 12:49

Экс-министр ауыр халде ауруханаға түсті

Денсаулық сақтау саласының экс-министрі Салидат Қайырбекова ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова журналисттерге Салидат ханымның жағдайы ауыр екенін айтқан.

БАҚ-тың хабарлауынша, ол инсульт алған.

С.Қайырбекова 2010-2014 жылдары денсаулық сақтау министрі болды. 2014 жылы тамызда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған. 2015 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған еді.

Қазіргі кезде Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдингтің» басқармасы төрағасы болып қызмет істейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 770
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1074