Еуроодақ миграцияның алдын алу үшін инвестицияны көбейтеді
Deutsche Welle басылымының жазуынша, Еуроодақ миллиардтаған инвестиция арқылы миграция ағынын тоқтатуға күш салмақ. Еуропалық инвестициялық банк (EIB) ЕО аймағынан басқа жерлердегі жобаларға екі есе көп қаржы бөлмекші.
Жақын бес жылдықта миграция дағдарысының себептерімен күресу үшін қосымша алты миллиард еуро жұмсалады. Süddeutsche Zeitung газетіне сұхбат берген EIB басшысы Вернер Хойер (Werner Hoyer) "Еуропа босқындарды көп қабылдаған елдерге көмектеседі, бұл миграция дағдарысымен күресуде шешуші фактор болады" деген.
Инвестиция Иордания, Ливан, Египет және Мағриб мемлекетіне бөлінеді. Ақшаның бір бөлігі Сербия, Албания секілді елдерге де беріледі. Қаржы мектеп құрылысына, денсаулық саласын жақсартуға және ауыз суды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Абай-ақпарат