Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3385 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 15:04

Юлдуз Усманова ШЫҰ саммитіне ән арнады

Мұны сыншылар әншінің үлкен сахнаға қайта оралу мақсатында жасаған әрекеті деп бағалайды. Өзбекстанда Юлдуз Усманованың шығармашылығына 2005 жылдан бері тыйым салынған. Әншіде "Узбекнаво" эстрадалық бірлестігінің лицензиясы болғанымен, оны үлкен сахнаға шығармай келеді. Оның әндерін өзбек радиолары мен телеарналары да көрсетпейді.

Бұл жағдайға разы болмаған әнші Өзбекстаннан кетіп, біраз уақыт Түркияда тұрып, жұмыс істеп көрді. 2011 жылы отанына оралған Усманова үлкен сахнаға қайтадан шығу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Алайда Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримованың өзі сол жылдары билікке ықпалы болса да, әншінің жолына қойылған тыйымды алып тастай алмады.

Тіптен өткен жылдың соңында Усманова президент Ислам Каримовты "падишахқа" теңеп, ән шығарды. Бірақ президентке арнап жазылған әннің өзі әншіні үлкен сахнаға шығара алмады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392