Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 08:03

Қырғыз депутаты: Азаттық радиосынан жау іздеудің қажеті жоқ

"Біз "Азаттықтың" қызметінен тек пайда көрдік. Ақаев және Бақаев елді басқарып тұрған кезде, радионың қызметкерлері республикадағы демократияны дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Енді қоғамға үлкен пайда әкелген медианы жау етуге тырысып жатырмыз. Комитеттің отырысы кезінде заң жобасының шикі екенін көріп отырмыз. Егер біз құжатты осылай шикі күйінде қабылдайтын болсақ, елде сөз бостандығы шектеледі", - деді депутат Момбеков.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 10 маусымында бір топ депутаттар "БАҚ туралы" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын ұсынған. Онда шетел азаматтарына және шетелдік заңды тұлғалар үшін Қырғызстанда БАҚ-қа иелік етуге тыйым салыну көзделген. Енді бұл мәселені талқылауды депутаттар келесі аптаға шегерді.

Алдын азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар Жогорку Кенеш депутаттарынан аталған заң жобасын қабылдамауға шақырған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір