Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4190 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 03:52

МӘСІМОВ ҰЛТТЫҚ ҚОРМЕН НЕ ІСТЕМЕК?

Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  ҚР Ұлттық қор қаржысын ұтымды пайдаланудың жолын кәсіпкерлерден сұрады,  деп хабарлайды «іnformburo.kz» сайты.

«Атамекен» ҰКП-ның үшінші сьезінде сөз сөйлеген Үкімет басшысы Кәрім Қажымқанұлы Мемлекет басшысының ішкі ресурстарды (Ұлттық қор қаржысын) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  оңтайлы реттеуді тапсырғанын айтып, қазақстандық кәсіркерлерге қолдау көрсету мақсатында нақты шараларды ұйымдастыруды ұсынған. Дәлірек айтсақ, премьер-министр бұл тапсырманы Тимур Құлыбаевқа міндеттепті.

«Мен  сізден аталған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауыңызды және кірісуіңізді өттінемін. Және бұл қаржылар өз бағытында жұмсалуын тапсырамын. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жұмыспен қамту секілді бағдарламалар ілгері жүруіне жұмсалуын тапсырамын»,-деді Кәрім Қажымқанұлы.

Сонымен қатар, Премьер-министр ҚР Үкіметінің Ұлттық қор қаржысын оңтайлы реттеуді қолға алғанын және қазіргі таңда аталған бағытта сараптамалар жүргізіліп жатқанын да мәлімдеген.

«Қлттық қор – бұл Үкіметтің емес, еліміздің ортақ қазынасы. Бұл әзірге аккумуляцаяланып тұрған еліміздің барлық азаматтарының қазнасы. Сондықтан, ендігі міндет Ұлттық қор ресурсын тиімді реттеу болмақ. Қордық қай бөлігі ҰҚ-да қалады? Қай бөлігі бюджетке аударылуы тиіс? Және біз оны қалай жүзеге асыруымыз керек? Егер осыған қатысты қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, біз өз ішімізде талқылауымыз керек. Біз сіздің ұсыныстарыңызды үлкен ыждаһаттылықпен тыңаймыз»,-деді Мәсімов мырза.

Премьер-министросыған дейін азаматтардың жеке жинақ қорларын Мемлекет бюджетіне жұмсау керектігін айтқан болатын. Мәсімов мырзаның ойынша, ресурсты әкімшілік бақылаудан, нарықтық қоданысқа түсірген әлдеқайда тиімді-мыс.

«Қазір мұндай мүмкіндік бар. Өкінішке орай, қазір біз тек әкімшілік бақылау жүрігізіп отырмыз. Десе де бұл біздің қаржы емес, салымшылардың қаражаттары. Дәлірек айтсақ – бұл біздің зейнеркерлеріміздің ақшасы. Осыған қатысты мен сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдамас деймін.  Қазір ол Ұлттық банктің бақылауында. Біз бұл қаражаттардың қалай және қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын, келешекте қалай болатынын білуіміз керек»,-дейді Премьер-министр мырза.

«Атамекен» ҰКП-ның үшінші сьезі 16 маусым күні өткен болатын. Оның жұмысы барысында  президум мүшелерін қайта сайлаған.  Дариға Назарбаева мен Айгүл Соловьева Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы мүшелік міндеттерінен босатылып, төраға Абылай Мырзахметовтің өкілеттілігі тағы 2 жылға ұзартылды.

Нұрзат Тоғжан 

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514