«ТІЛ МЕРЕЙІ» ШАРАСЫ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 24 маусымында «Тіл мерейі» республикалық шарасын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Бұл шара Мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыруды басты мақсат етіп отыыр.
Қостанай облысы Тілдерді оқыту орталығының базасында өтетін шараға әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы әдіскерлері қатысады.
Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, панорамалық сабақтармен қатар онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.
Абай-ақпарат