Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 4590 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 14:02

ДЕПУТАТ БОЛА АЛМАҒАН ДҰҒАЛОВА ТАРИХИ РОМАН ЖАЗЫП ЖАТЫР

Жуырда “Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері” атағына ие болған Жанар Дұғалова тарихи роман жазып жатқандығын айтты. Мұнымен қатар, продюсерсіз жұмыс істеудің қиынға соққанын айтып, алдағы арман-мақсаттарымен бөлісті,-деп хабарлайды stan.kz.

Жанар Дұғалова әншіліктен бөлек, тарихи роман жазуды қолға алған. Ол осы уақытқа дейін кітап жазып көрмесе де, өлең жазып, сазгер атанып үлгерген еді.

“Қазір тарихи роман жазып жатырмын. Бұл кітабым трагедия жанрында болады. Қашан бітетінімді айта алмаймын”, – дейді әнші.

“KeshYou” тобынан арадағы түсініспеушілікке бола кетсе де, әнші Баян ханымды екінші анасындай көретіндігін айтты.

“Қазір продюсерім жоқ. Баян Мақсатқызынан кетсем де ол мен үшін өмірімдегі ең жақын адамым болып қала береді. Екінші анам деп айта аламын. Продюсерсіз кішкене қиындау, бүгін міне Алматыдан Астанаға ұшатын әуе рейсіне де кешігіп қалдым”, – деп күлді Дұғалова.

Ал арманы туралы қойылған сұраққа “Көп адамдар қартаюдан қорқады. Ал мен керісінше ертерек қартайып, әже болсам ғой деп асыға күтіп жүрмін. Ол деген жақсы. Немерелерімді қасыма жинап, сүйікті кітабымды оқып, шығармашылықпен айнасып, терезенің алдында күннің шуағына қарау қандай бақыт”, – деп жауап қайырды Жанар Дұғалова.

Жанар Дұғалова өзінің ең алғашқы табысын 14 жасында тапқан. Оны ата-анасына берместен, фотоаппарат сатып алған екен. Дәл қазір әншілерге тапсырыспен өлең жазып жүр. Алау тобының орындауындағы “Қазақстанға қош келдің” әнінің сөздері Жанар Дұғаловаға тиесілі.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053