Жексенбі, 24 Қараша 2024
Құсни хат 6242 0 пікір 14 Маусым, 2016 сағат 12:43

РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ПУТИНГЕ ХАТ

 

Abai.kz ақпараттық порталының эл-почтасына "Ресей президенті Путинге хат" атты мақала келіп түсті. Мақала авторының көзқарасының бәрі редакциямыздың көзқарасымен сәйкес келмейді. Десе де әркімнің пікір айту құқығы бар екенін ескеріп, мақаланы толығымен жариялап отырмыз!

Аbai.kz ақпаратттық порталы

Біздің момын қазаққа кім не істемеді, және біз жайында кімдер не демей жатыр. Біз сабыр еткен сайын өзгелер құлақтың ішіне кіріп айқайлай бастады. Құлындаған дауыстары жер жарып, жеті қат аспанды тілгілеуде. Бұлар бізге тыныш өмір сүргізгісі келмейді. Бұ қазақтың кім көрінгенді мойнына мінгізсе де «иманын шұқытпайтын» мінезі бар екенін қайдан білсін бейшаралар...

Путиннің кім көрінгенге шабалақтап алып жүгіретін Жироновский секілді қанден иттері өте көп. Бірақ Путекең оларға «жат, қой» демейді. Себебі үретін Путиннің өзі, бірақ «Пузобретатель» аузын Жироновскийдің тұмсығынан ойып шығарып қойған. Ресейдің Э.Лимонов, Константин Душев секілді және де көптеген үргіш иттері бар. Бұлар Жироновскийдің дубликат-копиялары. Ертең өлгенде орнын басатын ізбасарлары. Жироновский кәрі төбет, ал бұлар үруді енді ғана бастап жүрген мегежін иттер. Кәрі төбет сылбыр үрсе бұлар шәуілдеп келіп үреді.

Біз жер көлемі жағынан 8-ші орында тұруымыз керек еді. Жеріміздің көп бөлігін кезінде Ресей тартып алып, кей бөлігін Өзбек пен Қырғызға бөліп беріп жіберген. Біз амалсыз Ресейдің артына түсіп қалдық. Енді «барымен базар» деп шекара сыздық, болды, нүкте! Сондада Ресей біздің сызықтан аттап, жерімізді жалға алған болып, зымырандары мен сынақ полигоны етіп елімізді мейілінше харам пайдаланып у сасытып отыр. Енді, Ресейге атасының басы керек пе? Менің бұл мақаламды түгел әлем оқиды деген ниетпен жазып отырмын.

Ақтөбедегі оқиғаны сылтауратып Ресей қайраткерлері дабыл қағуда. Өздерінше сақтанып қорғануда. Ондағы шулап жатқандары Қазақстанда тұратын орыстың қамы. Онымен қоймай: «Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерлері заң бойынша әуелден біздікі, сол жерлерімізді тақта Назарбаев отырған кезде қайтарып аламыз» - деп, Кремльге ашық хат жазып, қазақ еліне БАҚ-ы арқылы қоқан-лоқы көрсетіп берекетін алып жатыр. Ал біздің тараптан еш қарымта, қарсылық жоқ. Біз сақаумыз, мылқаумыз. Біз тек көзімізді шұқи бастағанда ғана қозғалатын тасбақа халықпыз. Біз тек күшті өз ұлтымызға ғана қолдана алатын бейбақпыз!

Мына жақтан «Борат» келіп боратып кетеді, мына жақтан орыс келіп оңдырмай ұрады. Өзбек: «өлсең өмірем қап» деп, қырғыз бізге қызғана қарауда. Бұл айқай арқылы Ресей қайраткерлері «бұл жерлер әлімсақтан Ресейдің жері» деген сөзді барлық отандасының құлақтарына әдейі алтын сырға етіп іліп қойып жатыр, және солай деп сендіріп жатыр. Жарайды, ит үрер, көш жүрер, бірақ жүйкесі құрғырың орнына келе алмай тұр ғой. Бұл байбаламның артында үлкен қулық, сасық саясат жатыр. «Путин саған айтам, Лимонов, Душев, Жироновскийлер сендер тыңдаңдар», Путин мырза, қазақтың мына сұрақтарына жауап берсінші?

1) Астархань, Саратов, Волгоград, Оренбург, т.с.с жерлер қазақтың ата-бабасының жері ғой. Ол тарихты анық білесің. Ал енді, шекарасы сызылған Қазақстанның ішіндегі батыс, солтүстүк, шығыстағы жерлерімізді қашан жекешелендіріп үлгеріп, қашан алып қойдыңдар? Жоғарыдағы айтылған жерлерімізді түгел өзімізге қайтар?!

2) «Қазақта ел болған жоқ, қолдарында бір таяқ, екі ортада босып жүрді, олар көшпенді болған, оларды біз адам қылып, біз қала салып беріп көркейттік» деп әр арналардан оттап жүрсіңдер. Біріншіден, біз өз елімізде, өз жерімізде босып жүрдік, сендердің жерлеріңде емес, және ол өз еркіміз, оның үстіне сендерді жегіп қала салдыртайын деп қолымыздағы таяқ пен жер сызып жүрдік, яғни болашақ қаланың макетін сызып. Екіншіден, біз сендерді «қала салып» бер деп шақыртқан ештеңеміз жоқ. Және сендер тыныш өмір сүріп отырған елге тек келмедіңдер, тегімізді бұзу үшін арақ, темекі, апиын, шошқа еті, жалаңаштану секілді азғындықтың бәрін қосып алып келдіңдер. Соның салдарынан қазір қазақ, мұсылман елінде гей, лесбиянка, педофиль, зоофиль, людоед, маньяк, зомби, наркоман, таксикоман, дебила, алқаш, детдом, публичный дом, қарттар үйі, әртүрлі түрмелер, т.с.с-ның бәрі бар. Сол ма біздің көзімізді ашып көркейткендерің?! Бізде бұлардың бірі де болмаған. Біздің бұрынғы өміріміз 1000 есе артық еді қазіргіден.

3) Алдыңғы ғасырға өтпей-ақ қояйық, 1918-20 жылдары 2 млн көшпелілерді қырдыңдар, ал 1932-33 жылдары әдейі, қасақана, қолдан жасаған ашаршылықтан 3 млн, 800 000-нан аса қазақ халқын қырып жібердіңдер.  Итжеккен, Сібірге қанша қазақты айдап, қаншасын аттыңдар, қаншасын із-түзсіз жоқ қылып жібердіңдер, олардың сұрауы жоқ па? О дүниеде сірә жауап бересіңдер ғой. Біз мұсылман еліміз, шариғатпен жүреміз. Ал шариғатта бір адамның құны 100 жылқы. Яғни 2 млн-ға 3 млн, 800 000-ды қосып, оған із-түзсіз кеткен 1,5 млн-ды және қосып оны 100 ге көбейтіп, жылқының қазіргі бағасымен, доллардың қазіргі курсымен әр қазақтың құнын ақшалай төлеңдер?! Болмаса жартылай әр қазақтың еркектеріне 2-3-әйелдікке 15 жасар қыздарыңды тоқалдыққа беріңдер?!

4) 1941-жылғы соғыста Германияны тек өздерің жеңдік деп ойлайсыңдар ма? Кішкентай Германияны 16 республика жабылып зорға жеңген болатынбыз, және бұл соғыста 27 млн адам өлді.  Яғни 603 000 қазақ және қырылды. Алдыңғы шепте болған қазақтар, Рейхстагқа ту тіккен де қазақ. Сол әр қазақтың басына және 100 жылқы есебінен құн төлеңдер?! 27 000 000 адамның да құнын төлеңдер?!

5) Ауған соғысында қанша қазақ балалары қырылғанын білесіңдер ме? Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабар-ошарсыз кеткен. Дәлел ретінде бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Қыршын кеткен әр жас баланың басына және тірі мүгедектерге де 150 жылқы есебінен және құн төлеңдер?!

6) Целинаградты сылтау етіп, қазақтың малын тартып алып, өзін және қырып, бізді чукча қыламыз деп, қазақ пен өзге ұлтты будандастырамыз деп, елімізге өзге ұлт өкілдерін қоныстандырдыңдар. Содан біз көп ұлтты мемлекет болдық. Сонда да сендерден күн көре алмай қаңғып келген сотталған, келімсектеріне еліміздің жұмақ жерлерін бердік, өзіміз сор, ми дала, жапан түзді иелендік. Патшамыз бізден гөрі сендерге мейірлене қарады, өзге диаспораның сөзін сөйледі, заң бізді қорласа да өзгелерді қорғады. Біз аш-жалаңаш жүрсек те өзгелер қарны тойып, кекірік атып, ауыздарынан ақ май ағып жүрді. Бізге ақшасына берілмеген жер сендердің қандастарыңа тегін берілді. Қазақта жер жоқ, ал Қазақстанда тұратын бір Кулагинде 80 000 қазақ үй салатын жер телімі бар. Енді Қазақстанда тұратын сенің отандастарыңа атасының басы керек пе? Путин, халқың үшін рас алаңдасаң, халқыңа шын бүйрегің бұрып тұрса, қазақ жеріндегі жұмақта отырған туыстарыңды түгел өз еліңе, Ресейге көшіріп ал. Орнын оралмандармен толтырамыз. Біздің билік сендерге неге ұнамай қалды? Қазақ елінің байлығы біте бастады ма? Әлде байлыққа АҚШ пен қытай ортақтасып несібең кеміді ме? Сендер әуелден тек қана пайдалысын көріп, пайдасызын жоқ қылып жіберетін сорттансыңдар ғой.

7) Байқоңырды өзімізге қайтар? Сынақ полигонынан уланған жеріміздің айыбына ақшалай және дәл сондай шаршы метр Ресейден құлпырып тұрған жерлеріңді беріңдер бізге?!

8) «Үлкен державамын, қару-жарақтан андай бар, мұндай бар» деп қазақ халқын қорқытпай-ақ қойыңдар! Құдайдан басқадан қорықпайтын біз бұрынғы нарқасқа батырдың тұқымымыз! Қазақта: «Намыс оянса – жүрекке ет қосылады» деген мақал бар. Жүрекке ет қосылса мазаққа кек қосылады. «Жүрегі қару» қайсар қазақты ендігі қорқыту арман болар. Сондықтан да осы бастан шабалаңдаған күшіктеріңнің аузына тұмылдырық кигізіп қойғаның жөн! Лимонов шайына лимон салып ішіп, тынышына отырсын, Душев кішкене душқа түсіп душасын бассын, Жироновскийді жирен аттың құйрығына байламай тұрғанда жындыханаға апарып тапсырыңдар?! Қазақта: «Жатқан жыланның құйрығын баспа» деген мақал бар. 

9) Ақтөбедегі орын алған қанды оқиға Ресей саясаткерлерінің ықпалымен қойылып отырған драма! Актерлері қазақ демесең авторы, режиссері мен жоспары Ресейдікі. Ресейдің мұндағы мақсаты – қазақ жеріне ылаңкестік шабуыл ұйымдастыру арқылы Қазақстанды әлемге құбыжық ретінде көрсетіп елге топалаң жасау. 

10) Тарихты қозғадыңдар ма, онда басынан бастаңдар? Біздің ата-бабамыз жауынгер халық болған. Қазақ: «Жаудың саны қанша демеген, жау қай жерде» деген халық! Шекарадан қытайды сығалатпаған халық орыс халқын көргенде дірілдеп, бұтына сиіп қоя берді деп ойлайсыңдар ма? Ол еш логикаға сыймайды. Сендер әуел баста біздің елге келгенде мойындарың ырғайдай, биттерің торғайдай болып келгенсіңдер. Сақал-шаштарың бейтарап өскен, киімдерің өрім-өрім, жыртық-жыртық, үстерің бит-бит, аяқ-қолдарың күс-күс, үстерің кір-кір, нәжәс сасып, бір жапырақ нанға зәру, мұқтаж болып, қайыршыдан бетер күйде келгенсіңдер. Киімдерің қапшық, аяқтарыңда құрқұлтайдың ұясындай шөптен тоқылған башмақ, балдарың арқаларыңда, тіленші болып келгенсіңдер. Бұттарыңда дамбал болмаған, көрінген жерге ит құсап сарып жүрген жерлеріңді зәр сасытып жүргенсіңдер. Көрген жыланға ақ құйып шығарып салатын қазақ халқы сендерді төрге шығарып ауыздарыңа ақ, сүт құйған. Оны бәрі мойындайды.  Қазіргі қазақ халқына көрсетіп отырған қырларың сол сүттің ақысы ма? Сендерге аяқ киім кию мен дәрет сындыруды, дәретхана, канализация салуды мұсылмандар емес пе үйреткен? Орыс халқында тіл болмаған, сақау болған. Орыстың сөздерінің көпшілігі қазақтан ұрлап иеленген сөздер. Орыстардың тарихы саясаткерлердің қолдан жасауынан шыққан. Кейін қазақты тексереміз деп, қазақтың момындығын пайдаланып, есіріп, қазақ тарихын бұзумен шұғылданғансыңдар. Ал қазір басқа шыққандарың бір бөлек, сендер бізді өркениетке үйретпек түгілі өздерің бар болмыстарыңнан айырылып қалдыңдар. Қазір маған орыс халқы дегенде өңкей алқаш, балдары есауыс кемтар, дебила, самагон, брашкы ашытатын деревня, бір-бірімен қырылып жататын маймылдар, қорсылдап бала-шағасымен жыныстық қатынасқа түсіп лайға аунап жатқан шошқалар, бір-бірін өлтіріп, бір-біріне күйе, жала жауып, соттатып, мүмкін емес хал кешіп отырған есектер ғана елестейді. Өтірік десеңдер оны Новосибирскіде тұратын өздеріңнің академик Жданов көкелеріңнен сұрасаңдар да болады. Ресейдің болашағы бұлыңғыр! Ұрпақ жалғаспайды, ұрықтары өлген. Ашкөзденген орыстың шетел мен қоса 16 республика халқын қырғаны себепті Құдайдың кәріне ұшыраған халық!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543