Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Деп жатыр 7867 0 пікір 11 Маусым, 2016 сағат 12:02

БАЯНДЫ БАЙЫ САБАП ТАСТАПТЫ

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаеваға қастандық жасалды деген ақпарат кешелі-бері БАҚ назарын бұрды.


Алматы облысы маңындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған қастандықтан продюсер ауыр жарақат алып, Талғар қаласындағы ауруханаға жеткізілген, -деп хабарлайды АА «Новости-Казахстан» порталы.

«Алматы-Көкпек-Көктал» бағытындағы даңғыл жолда орналасқан жанармай бекетінде тенамыл продюсерге пышақ жұмсалғаны да мәлім болды.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр. Аталған іс бойынша қазір сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. ІІД деректеріне сүйенсек, продюсерге қастандық жасаған өзінің күйеуі болуы мүмкін.

«Тергеу амалдары ҚР ҚК 106-бабы бойынша, «Ауыр дене жарақатын келтіру» деген айып негізінде жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті ретінде ұсталған азаматқа тағылатын айып қарастырылып, шешілуде», -дейді облыстық прокуратура.

«Қазинформ» мәліметтеріне сүйенсек, Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген. Оқиға 10 маусым күні күндізгі 12:15-тер шамасында орын алған. Кейін белгілі болғандай продюсер Баян Есентаева өзінің күйеуі Бақытбек Есентаевпен кикілжіңге келген. Салдарынан ашуға булыққан Бақытбек Есентаев продюсерге қол жұмсаған.

Abai.kz 

0 пікір