Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5230 1 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 11:39

ӨЛТІРІЛГЕН 13 ЖІГІТ ТЕ - ОСЫ ҚОҒАМНЫҢ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Ақтөбедегі қақтығыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оның жетеуі әскери қызметкер мен бейбіт тұрғындар болса, қалғандары күш құрылымдары «лаңкес» деп атаған өрімдей қазақ жігіттері. Кеше, 9 маусымда өткен жалпыұлттық аза тұту күнінде сол жігіттердің есімдері аталмады. Аманкелді Айталы айтпақшы, олардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтылмады. Мұндай оқыс әрекетке бастаған себептер жөнінде бізге әлі ештеме белгісіз.

«Лаңкестіктің» айтылып жүрген «діни» мотивировкасы ойдан шығарылған ба деймін. Өйткені, мұндай оқиғалардың жай ғана әлеуметтік немесе криминалдық себептерінің өңі айналдырылып, оған «Төлешевтің ісі» сияқты саяси немесе діни «ярлык» жапсырыла салуы әдеттегі жағдай.

Күш құрылымдары тарапынан өлтірілген 13 жігіт осы қоғамның перзенттері еді. Ешбірі аспаннан түскен жоқ. Бәрі де ата-ананың үміт күткен ұлдары болатын. Мектеп партасында отырды, әскерде міндетті борышын өтегендері де бар шығар. Сол жастардың қыршынынан қиылуына өзіміз кінәліміз.

Олардың сойқанды содырлық жолына түсуіне түрткі болған ең алдымен – мемлекеттік билік. Егер елімізде дұрыс ұлттық идеология қалыптасқан болса, жастарға оңды патриоттық сезім дарытылған болса, адалдық пен әділдік ту етілсе біз мұндай қасіретке ұшырамаған болар едік. Ұлттық идеологиялық кеңістіктегі ваккум, жалған ұрандар, көзбояушылық пен коррупция жастардың ертеңге деген сенімін жойып, «бақытты» басқа жақтан іздеуге мәжбүр етіп отыр.

Өзінің азаматтық құқығын жүзеге асырмақ болғандар –шетелден 150 доллар ақша алған сатқын, ақиқатты айтқысы келгендер – идеялық жау, криминалдық белсенділер – төңкеріске ұмтылған саяси қарсылас танылған бүгінгі күнде халық биліктің әр сөзінен мүлде қарама-қайшы мағына іздейтін болды.

Іс жүзінде Ақтөбедегі қақтығыс мемлекеттің жіберген идеологиялық қателіктерінің қақтығысы. Өкінішке қарай билік оны мойындамайды. «Алдымен –экономика, саясат – одан соң» ұстанымы қате екендігін өмір көрсетті. Қоғамның іргетасы экономика емес ұлттық идеология болу керек. Бізге әдетте ешқашан өлмейтін ел сияқты ақылға қонымсыз бірдемелер тықпаланып жатады. Жалған іргетастың үстіне шынайы ғимарат салуға бола ма?!

Өз басым жазықсыз қаза тапқан 7 жігіттің отбасымен қоса идеологиялық ваккум салдарынан жаңылыс жолға түскен 13 қазақ жігітінің отбасына да қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Марат Тоқашбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502