Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3060 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 10:17

Ресей ерекше экономикалық аймақтар жобасын тоқтата тұрмақ

Ресей үкіметіне мұндай тапсырманы президент Владимир Путин ерекше экономикалық аймақтарды тексеру қоытындысы бойынша берген.

Путиннің тапсырмасына президенттің бақылау басқармасының басшысы Константин Чуйченконың есеп комитетінің мәліметтеріне сүйеніп жасаған баяндамасы себеп болған. Баяндамада 2006 жылдан бастап 33 ЕЭА құруға 186 миллиард рубль (2,8 миллиард доллардан астам) жұмсалғаны айтылады. 2006 жылдан бері барлық ЭЕА-дан түскен салық және кедендік түсімдер 40 миллиард рубль (шамамен 615 миллион доллар) болған. Сонда ЕЭА-да бір жұмыс орнын ашуға бюджеттен 10 миллион рубль (153 мың доллардан астам) жұмсалған болып шығады. Бұл Ресейде бір адамға 25 жыл бойына орташа жалақы төлеп тұруға жететін еді. Қазір құқық қорғау органдарында ЕЭА-ны дамытуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыруға қатысты бес қылмыстық іс қозғалған.

ЕЭА-ны тексеруге "Бүкілресейлік халықтық майдан" белсенділерінің 2015 жылдың қарашасында президентке жасаған шағымдары түрткі болған. ЕЭА 2005 жылдың 1 шілдесінде арнайы заң бойынша құрылған. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 30 субъектіде 33 ЕЭА болған. Ресей экономика министрлігінің мәліметінше, 2006-2015 жылдары ЕЭА-ға 400-ден астам инвестор келген.

Абай-ақпарат

0 пікір