Алматы облысында инвестициялық форум өтеді
2016 жылғы 10 маусымда Алматы облысы Талғар ауданында «Жетісу Инвест - 2016» - «Жібек жолын жаңғырту арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты халықаралық инвестициялық форум өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысады.
Сондай-ақ, конференцияда Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев, «Қазақстан Темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мамин, сол сияқты «Атамекен» Кәсіпкерлер ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтер өз ойларын ортаға салады.
Форум барысында Алматы облысының жаңа экономикалық жағдайларда одан әрі даму перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және өңірдегі инвестициялық жобалардың көрмесін өткізу жоспарланған.
Шара бағдарламасы бойынша пленарлық бөлім және түрлі дискуссиялық отырыстар өтеді. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті, энергетика мен туризмді, көлік-логистикалық жүйесін дамыту мәселелері талқыланады.
Өтетін жері және уақыты: Алматы облысы Талғар ауданы «Prak Resort «Восемь Озер» кешені.
Басталуы сағ. 09.30-да.
Abai.kz