Отын суды он төрт күннің ішінде жеткізу мүмкін бе?
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы жанталастың бірі «қадым» заманнан бері қазандықтардың жыры болып келеді. «Қара қазанның» қамы өткен айда Үкіметте де көтерілген. Үкімет жиынында 1-ші қыркүйекке дейін тиісті іс-шараларды атқарып үлгермеген басшылардың қызметтерінен босатылтыны туралы ескертілген. Сол ескертуге байланысты Білім және ғылым министрінің құзырына есеп беру үшін кеше Астанаға еліміздің түкпір-түкіпірінен білім беру бөлімдерінің басшылары жетті алқынып. Алайда баяндамаларды тыңдағаннан кейін Жансейіт Түймебаевтың (суретте) даярлық барысына көңілі толмағаны мәлім болды.
-Қазіргі таңдағы дайындық жұмыстарын көріп отырсыздар - көңіл көншітпейді. Премьер-министр дайындық дұрыс болмаған жағдайда аудан әкімдері мен аудандық білім беру басқармаларының басшыларын жұмыстан босатуға дейін баратынынын ескерткен, - деді министр.

Республикадағы мектептердің басым бөлігі жеке жылыту жүйесіне қосылған. Жалпы мектептердегі білім беру жұмысын үзбеу үшін биыл 883 млн. тонна көмір және 9 млн.текше метрден астам газ кажет көрінеді. Бүгінде қазандықтарға отынның 45 пайызы ғана жеткізіліпті. Қалғаны осы екі жұманың ширегінде тиісті орындарға жетіп үлгеретін көрінеді. Ал бұған қалай сенуге болады? Айтпақшы, жаңа оқу жылының қарсаңындағы дайындыққа көңілі толмаған министр кімідерді мінеп, сынайтынын ашық жария ете алған жоқ. Ол да шамасы отын суды он төрт күннің ішінде тиісті орындарғы жеткізу мүмкін бе деп ойланып қалса керек.
«Абай-ақпарат»