Кедей елдердегі балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі байқалады
БҰҰ-ЮНИСЕФ Балалар қорының және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің мәліметінше, ақыл-есі жетілмеген балалар көбінде тропикалық Африка, Чад, Сьерра-Леоне және Орталық -Африкалық Республикада тұрады.
Алайда, зерттеу жүргізушілердің пікірінше, дамуға арналған арнайы бағдарламаны пайдаланған кезде, олардың жақсы жетіліп, білім алулары үшін кез-келген жастағы адамға көмектесуге болады.
Ғалымдар сонымен бірге мұндай жағдайдың басты себебі кедейшілік пен дұрыс тамақтанбау болса да, бұл проблеманы арнайы зерттеу қажеттігін айтады.
Абай-ақпарат