БҰЛ "АРАНДАТУШЫ БАР" ДЕГЕНДЕРГЕ КЕРЕК СИЯҚТЫ
Бұл жай ғана сəйкестік емес. Тəуелсіздіктің 20 жылдығында елді бір дүрліктірген террористер. Енді міне 25 жылдықта тағы құтырды. Шамасы, олардың идеологтары мерекелік көңілде жүрген жұртты нысанаға алуды тапсырады-ау. Бəлкім, салғырттық танытып алар дейтін болуы керек. Екіншіден, күш құрылымдарын осы жолы тағы қапы қалдырды. Ұлттық ұлан бөлімшесіне шабуыл соның айғағы. 2011 жылы да Ішкі əскердің даярлығының төмен екені байқалған. Үшіншіден, 2011 жылы Таразда болғандай тапа-тал түсте, қала ішінде бүлік бастады. Яғни, барлығын алдын ала ойластырған. Өз басым, бұларға ақпарат беріп отырған біреу бар-ау деген ойдамын. Өйткені, мұндай оспадар, наглый болу үшін сүйенетін жақсы ие, мықты ақпарат көзі болуы керек. Тым еркін бұлар. Тым еркін.
Ал, олардың көсемдері бұқараны үреймен басқару тәсілін қолданып жатыр тағы. "Əне, көрдіңдер ме? Арандатушы бар деп едік қой" деу үшін керек сияқты бұл қадам. 2011 жылы Жаңаөзендегі мұнайшыларды сабырға, шүкір етуге шақырып еді. Сол жылы экстремистер елірген. Биыл бұқара жер үшін көтерілді. Енді міне, тағы да атыс-шабыс. Бұл да ұқсастық.
Оның үстіне дəл осындай жұрт алаңдаған кезде Мəскеу жақтан "көмектесуге əзірміз" дейтін мəлімдеме де айтылып қалуы бек мүмкін. 2011 жылы да айтылған. Кіммен кім одақтас сонда? ...
Амангелді Құрметұлы
Facebook-тегі парақшасынан