Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5695 0 пікір 4 Маусым, 2016 сағат 19:06

МҰХАММЕД ӘЛИ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Өмірінде 13 президентті ауыстырып, 4 әйелді алмастырып, барлығы 170-тей ұрыста атой салған әйгілі Мұхаммед Әли қасиетті Рамазанның қарсаңында, жұмада өмірден өтті.
Мұхаммед Әли дегенде неге екені, Айюб пайғамбардың (ғ.с.) қиссасы есіме түседі.
Бір кездері ұлан-асыр жерлері, үйір-үйір малы және қызметкерлері, ірі-ірі сауда орталықтары болған Айюб Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алланың сынағына түсіп, өмірінің біраз бөлігін тауқыметпен өткізеді.

Оның бар мал-дүниесі таусылып, кембағалға айналады, ұлдары мен қыздары бірінен соң бірі өлім құшады. Сосын Алла оған ауыр бір дерт жіберді. Науқасы меңдеген Айюб жүре алмай қалады. Денесі шіріп, еті жидіп түсе бастайды. Ауруының жұғуынан қорыққан достарының барлығы одан теріс айналады, екі жолдасы ғана алыстан сөйлесетін. Тіпті туған-туыс, жақын дос-жарандары да ат ізін салмай қояды.

Осындай ауыр халде жатқан Айюб пайғамбардың жанында қалқайып жалғыз жары ғана қалады. Күн санап жағдайлары нашарлап, жоқшылық алқымдарынан алғаны сондай, әйел өте ұзын шашын сатып жан бағуға мәжбүр болады. Бірақ ол мұнысы жайлы күйеуіне тіс жармайды. Бір күні Айюбқа:

– Сен неге бұл бәледен айықтыруын сұрап, Аллаһқа дұға қылмайсың? – дегенде, Айюб:

– Біз молшылықта, бақыт-шаттықта қанша жыл өмір сүрдік? – деп сұрайды.

– Жетпіс жыл, – деп жауап береді әйелі. Сонда Айюб:

– Мен молшылықта өмір сүргенімдей сынақ мерзімі өтпейінше Аллаға шипа сұрап дұға қылуға ұяламын, – дейді.

Өлместің тіршілігін жасап, жиырма жылдай төсекке танылғанған сабырлылықтан кейін оларға Алла тағаланың жеңілдігі келеді. Айюб Пайғамбар ауруынан айығып, бұрынғысынан да артық нығметтерге ие болады.

Мұхаммед Әлидің жағдайында да ол дәурені жүрген 60-70-ші жылдары әлемдегі ең танымал адам болды. Атақтан да, ақшадан да кенде болмады. Бокстың өзінен 60 миллион доллар тапты деседі. Оның Джо Фрезермен алғашқы ұрысын көріп, төрт адамның жүрегі тоқтап қалғаны да рас көрермен ретінде....
Ол расымен аңыз адам еді. Брюс Ли оны кумир тұтты, 1990 жылы Ирақта тұтқынға түскен 14 американ сарбазын босатуға көмектесті, Олимпиада алтынын алды, үш мәрте атағын кәсіпқой бокста жиып алды, қайырымдылықпен айналысты. Бокста ғана емес, сөзде де жеңілмеді. Оның атағын тартып алып, АҚШ-тан шығуға тиым салған 1967-1970 жылдары 200-дей университте лекция оқып шыққанын біреу білсе, біреу білмес.

Ақыр соңында осы атақ-даңқтың аяғы 30 жылға созылған Паркинсон ауруына жалғасты. Ал Әли мұны заңдылық деп те қабылдаған секілді... Ол мойымады. Ол сынып кетпеді.

Иләһи мұсылман сенімде бұ дүниеден жеңілмеген чемпион қалпында кетті деп сенемін. Лайым, жаны Фирдаус жәннаттан болсын!

Жақсы адам еді... Жақсы

Өркен Кенжебек

FB-дағы парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371