ДОС КӨШІМ: ЖЕР – ОТАН. СОНДА БІЗ КУЛАГИННІҢ ЖЕРІН ҚОРҒАЙМЫЗ БА?
Жер реформасы жөніндегі комиссияның Ақмола облысы – Көкшетау қаласында өтіп жатқан көшпелі отырысында комиссия мүшесі Дос Көшім митингі мәселесіне қатысты пікір айтты.
Дос Көшім:
- Митингіге шығу – азаматтардың Конституциялық құқығы. Ол заңда нақты жазылған. 1991 жылы 24 митинг өтті. Соның бірде біріне рұқсат берілмеген. Атырау шықты, Семей шықты, Көкшетау – біз шыққан жоқпыз, біз жақсымыз деуге болмайды. Жер деген ол – Отан. Сонда біз Отанды қорғауда Кулагиннің, Терещенконың, Ермегияевтың жерін қорғаймыз ба?
Нұра Матай
Abai.kz