Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5866 0 пікір 3 Маусым, 2016 сағат 12:49

ГЕРМАНИЯ «ГЕНОЦИД» ДЕП МОЙЫНДАП ЖАТЫР. БІЗ ӘЛІ КҮНГЕ РЕСЕЙГЕ ЖАЛТАҚТАП ОТЫРМЫЗ

Германия Бундестагы аюсольютті дауыспен 1915 жылғы Осман империясының армяндарға қарсы «қырғынын» геноцид деп мойындау туралы резолюцияны қабылдады. Бұл туралы «euronews.com» жазады.

ФГР Бундестагы қарауына ұсынылған «Армян геноциді» туралы құжатты Түркияның наразылығана қарамастан, депутаттар  абсольютті басым дауыспен қабылдап жіберген. Бұл құжатты мойындауға жалғыз депутат қарсы дауыс берсе, тағы бір депутат қалыс қалыпты.

Осының алдында Түркия билігі аталған резолюцияны қабылдауға наразылық білдіріп, 101 жыл бұрынғы соғыста армян сарбаздары ғана емес, сонымен қатар түрік азаматтарының да қаза тапқанын ескерткен. Сондай-ақ, егер Бундестаг аталған құжатты қабылдайтын болса, Германия мен Түркия қарым-қатынастары ушығуы мүмкін екендігін айтқан.

Түркия премьер-министрі Біниалы Йылдырым:

-Бұл Түркия мен Германия қарым-қатынасы сынға түсетін кезең болмақ. Қазіргі таңда Германияда 3,5 миллион этникалық түрік тұрып жатыр. Бұл азаматтар өз кезегінде Германия экономикасына айтарлықтай үлес қосып келеді. Егер аталған резолюцияны қабылдайтын болса, Түркия Берлиндегі елшіні қайтарып алатын болады.

Сондай-ақ, Түркия президенті Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельге арнайы хабарласып, резолюцияны мойындамауға шақырған.

Кейбір деректерде 1915 жылы Осман империясы территориясында 1,5 миллионға жуық армян азаматтары қырылған деп жазылады.

Қазірде дүниежүзінің көптеген мемлекеттері Осман империясы тұсындағы армян қырғынын геноцид деп мойындап үлгерген. Соның ішінде Ресей, Франция, Швейцария, Швеция, Италия, Бельгия, Бразилия мен қатар 29 мемлекет армян қырғынын геноцид деп мойындаған.

Тіпті, Франция мен Швейцарияда «армян геноцидін» теріске шығарған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады екен.

Түйін: Қазақ жұрты 31-мамыр күні саяси қуған сүргін және аштық құрбандарын еске алды. Өкінішке орай, ХХ ғасырда алдындағы асын тартып алып, қазақты қасақана қырған Кеңес үкіметінің қатыгездігіне әлі құқықтық баға берілмей келе жатыр. 1932 жылдары аштықтың қарсаңында қазақтың саны 7 миллионнан асса, 1933 жылғы аштықтан кейін 2 миллионнан аз болған. Демек, қазақ халқы өзінің 70-80 пайызынан айырылды. Бұны «геноцид» «этноцид» десе де негіз бар. Күні бүгінде ашаршылық деп халықаралық деңгейде мойындатуымыз керек еді. Сондай-ақ, респессияға 130 мыңнан астам қазақ ұшырады, оның 25 мыңы оққа ұшқан. Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев. Олардың көбінің қаны қайда төгілгені, қабірі қайда қалғаны белгісіз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

                                               

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364