Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3456 0 пікір 3 Маусым, 2016 сағат 10:04

Қырғызстан министрлік пен мекемелер санын қысқартады

Қырғызстан үкіметі министрліктер мен мекемелер санын қысқартады. Премьер-министрдің тиісті тапсырмасы министрлер кабинетінің сайтында жарияланған.

Ақпаратқа сәйкес, аталған шаралар министрліктердің, әкімшілік мекемелердің және өзге де ұйымдардың штаттық санын оңтайландыру үшін қолға алынған. Сонымен бірге қайталанатын міндеттерді алып тастап, мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ететін шығыстың көлемін қысқарту көзделген.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін, арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық мемлекеттік мекемелердегі штат санын есепке алынады екен.

Онда мемлекеттік қызметтерде жетекшінің орынбасары деген лауазымды қысқарту қарастырылған.

Қырғызстан үкіметінде бүгінгі кезде 12 министрлік, 2 комитет және 25 әкімшілік мекеме жұмыс істейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 674
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2648
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1699