НАТО Ресеймен майдандасуға ұмтылмайды
"Біз ұжымдық қорғанысты шиеленіс тудыру үшін емес, ұрысқа жол бермеу үшін нығайтып жатырмыз", – деді Столтенберг Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.
Столтенберг НАТО "жаңа суық соғысқа" ұмтылмайтынын айтып, "Ресеймен конструктивті қарым-қатынасты" қалайтынын жеткізді. Қазіргі кезде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан кейін Ресей мен НАТО арасы суық соғыс кезіндегідей жағдайда тұр.
30 мамырда Варшавада Столтенберг Польша астанасында өтетін НАТО саммиті кезінде Еуропаның шығыс бөлігіне әскерді нығайтуды талқылайтынын мәлімдеген.
"Варшава саммитінен кейін, Польшада НАТО-ның әскері көбейеді. Бұл Польшаға шабуыл жасау, барлық альянсқа шабуыл жасағанмен бірдей болады", – деп ескерткен еді Столтенберг.
Абай-ақпарат