Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3913 0 пікір 2 Маусым, 2016 сағат 12:51

ОҚО-да жер реформасы Қоғамдық кеңесте талқыланды

ОҚО-да жер реформасы Қоғамдық кеңесте талқыланды, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалында облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерлерді тиімді пайдалану мәселесі мен мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін ҚР азаматтарына аукциондарда сату арқылы жеке меншікке беру жайы қаралды.

Мәжіліске қатысқан қоғамдық ұйымдар мен шаруа қожалықтары басшылары, жеке азаматтар жер реформасы бойынша ой-пікірлерін жеткізіп, өз ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстағы жайылым жерлерінің елді-мекен тұрғындарының ортақ пайдалануда болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жиында əсіресе Мақтарал ауданындағы жайылым жерлері тапшы елді мекендерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оны заң аясында шешу мүмкіндіктерін қарастыру мəселесі талқыланды.

Сондай-ақ, бұрын суармалы жер деп белгіленген, алайда түрлі себептермен қазіргі уақытта суармалы жерлерге енбейтіндердің пайдалану нысанын ауыстыру және жерді тиімді пайдалануда ұсақ шаруаларды үлес пайызымен ірілендіру жайы да кеңес аясынан тыс қалмады.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357