Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4488 0 пікір 2 Маусым, 2016 сағат 12:05

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛША ӨСІРУШІЛЕРІНЕ ҚАРАЖАТ БӨЛІНДІ

Несие комитетінің бірінші отырысында 20 өтініш қаралып, оларға жалпы сомасы 75,8 млн теңге бөлінді.


«Атамекен» ҰКП мен  Алматы облысының әкімдігі шағын бизнес субъектілеріне арнап 600 млн теңге бөлген болатын. Енді Кәсіпкерлер палатасында жаңа шағын несие беру бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлердің өтініштерін қарау басталды. Осы өңірдегі несие беру операторы   – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» (АШҚҚҚ)  АҚ.

Палатаның мамандары құжаттарды жинастырып, рәсімдеуге және сүйемелдеуге көмектессе, АШҚҚҚ мәліметтерді талдайды, ал ӨКП жанындағы Несие комитеті өтініштерді қарап, мақұлдайды.

 Сондай-ақ, жобаның ашықтығын қамтамасыз ету және оны одан ары қарай табысты жүзеге асыру үшін кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдайтын Несие комитеті облыстың бизнес-қауымдастықтарының өкілдерінен жасақталған.

Сонымен, Комитеттің бірінші отырысында 20 өтініш қаралып, барлығы мақұлданды. Қарыз алушылар қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өкілдері екенін атап өтуіміз керек.  Комитет мүшесі әрі Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, ең аз несие сомасы 1,2 млн теңге болса, ең көбі 6 млн теңге болыпты.

«20 өтініш бойынша барлығы 75 млн 800 мың теңге беріледі. Енді құжаттарды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тапсыруды жоспарлап отырмыз.  Олар қаражатты бөлу үшін қарыз алушылармен қарыз алу және кепілге қою шартын жасасады.  Бір аптадан кейін-ақ шаруалар қаражатқа қол жеткізе алады деп күтілуде», – деді Л.Шыңғысбаева.

Шағын несие беру бағдарламасының басты ерекшелігі – кепіл ретінде жер телімдері, тұрғын-жай құрылыстары  мен басқа да жылжымайтын мүліктер қабылданады.  

Реттеме бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан көп емес.  Несие 4 жыл 6 ай мерзімге дейін беріледі.  Қарызды ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жылына бір рет өтеуге болады.

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364