Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6498 0 пікір 1 Маусым, 2016 сағат 10:52

ЖҮРСІН ЕРМАН: БАЛҒЫНБЕК БАСТАҒАН ӘСІРЕ ДІНШІЛДЕР АЙТЫСТАН КЕТІП ЖАТЫР

Ақындар айтысының ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман айтыстан кетіп жатқан кейбір ақындардың әрекетін әсіредіншілдікпен байланыстырады.


Ақын бұл ойын «Алматы» арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасында айтты.

«Айтыскер ақындар аспаннан түскен жоқ. Олар да осы қоғамның мүшесі. Қазақ қоғамы қандай болса, айтыскерлер де сондай. Мысалы, қазақ қоғамының дінге бет бұрғанығына біраз болып қалды. Солардың ішінде әсіре діншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жатыр. Біздің айтыскерлердің арасында бірең-сараң болса да солай жүргендер бар. Дінге шырмалып қалды ма, миы айналып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ. Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ түсінбеймін оның әрекетін. Әсіре діншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлайды екен. Жастардың санасы әлсіз ғой. Солар шырматылып қалды», – дейді айтыс жанашыры.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301