Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4210 0 пікір 30 Мамыр, 2016 сағат 10:57

Иран діндарлары биыл қажылыққа бармайды

Сауд Арабиясы ирандық діндарлардың қажылық сапарына қатысты Иранның талаптарын қабылдамады. Эр-Рияд Тегеранның Сауд Арабиясы "Аллаға апарар жолға бөгет жасайды" деген айыптауын "өрескел" санайды.

Саудиялық сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейр Иран тарабының шеру ұйымдастыруға және бірқатар жеңілдіктер жасауға рұқсат сұрағанын мәлімдеді. Министрдің пікірінше, мұндай шаралар Сауд Арабиясындағы қасиетті қалаларға қажылық кезінде аласапыран тудыруы мүмкін.

Мұның алдында Иранның мәдениет министрі Әли Джаннати ирандықтардың биылғы қажылыққа бармайтынын хабарлаған.

2015 жылы 460-ан астам ирандық зиярат етуші Меккедегі қажылық кезіндегі кептелістен көз жұмған. Иран билігі Эр-Риядты діни шараларды ұйымдастыруда кемшілік жібергені үшін айыптаған.

Сүнниттік ағымдағы корольдік отбасы билік құрған Сауд Арабиясы шииттер билейтін Иранмен биылғы жылдың қаңтарында қарым-қатынасын үзген. Екі ел арасындағы жағдайдың күрт нашарлауына Тегерандағы Сауд елшілігі мен консулдығына ирандық шерушілердің от қойғаны себеп болды. Ирандықтар Сауд Арабиясының танымал шиит дінбасын өлім жазасына кескеніне осылай наразылық білдірген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321