Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4157 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 11:22

Кремль "Донбассты Украинаға қайтаруды" қолдайды

Кремль өкілдері Украина президенті Петр Порошенконың Надежда Савченкодан кейін Украинаның Донбасс пен Қырымды қайтарып алатыны туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин президентінің бұл ниеті гуманизмнен туындаса, мұны тек қолдауға болатынын айтты. РИА Новости "Және дәл осы нәрсеге, біз, Мәскеуде үміттенеміз", – деген Песковтың сөздерін жариялады.

Песковтың пікірінше, өз басы "ресейлік өңірлерге көз аларту" деп атаған Қырымды қайтару ниетіне түсініктеме айтудың қажеті жоқ.

Украина президенті Петр Порошенко Надежда Савченконың босатылып және еліне қайтарылғанына байланысты үндеуінде Украинаның "Надежданы қайтарғаны" секілді, Қырым мен Донбассты қайтарып алатыны жайлы мәлімдеген еді.

Украина мен 100-ге жуық мемлекет ресейшіл билік 2014 жылдың 16 наурызында ұйымдастырған Қырымдағы референдумның заңдылығын мойындамайды. Оның нәтижесінде Ресей Қырымды құрамына қосып алған болатын. Еуроодақ, АҚШ және бірқатар Батыс елдері Ресейге қарсы санкция жариялады. Мәскеу Қырымды ел құрамына қосу ісі толығымен халықаралық құқық талаптарына сай өткенін мәлімдеп келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321